“The Planet of ART – 2019”Халықаралық фестиваль-байқауы Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерінің 12 – 17 аралығындағы талаттын жастарына есігін қайта айқара ашуда. Фестиваль-байқау үш номинацияны қамтыған: вокалдық, аспапатық және хореографиялық. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік дарынды қатысушыларына өз жұлдызын жағып, мәдениет саласының бірегей тұлғаларынан тәжірибе алуға мүмкіндік алады...
Толығырақ

“The Planet of ART” Халықаралық фестиваль-байқауы ЮНЕСКО-ның Бас директорының бастауымен 1999 жылы «Балалар әлемді бейнелейді» жобасы атауымен жүзеге асырылып, Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО Клубтарының қозғалысының дамуына түрткі болы.

2015 жылы музыка, вокал, хореография салаларындағы ьалантты жастарды қолдау және дамытуға арналған жаңа платформа «Балалар әлем ырғағында» жобасы іске қосылды.

2018 жылы «Балалар әлемді бейнелейді» және шығармашыл жастарға арналған «Балалар әлем ырғағында» жобалары біріктіріліп, “The Planet of ART” атауымен дамудың жаңа кезеңіне өтті.

Жоба жүзеге асырылған 20 жылдың ішінде 35 000 қатысушыларды қамтып, ұлттық деңгейден Орталық Азиялық субаймақтық деңгейге дейін,кейін Азия-Тынық мұхиты аймағына дейін шекарасын кеңейтіп үлгерді. Жобаның көркемсурет бағытының алғашқы және 2018 жылғы қорытынды альбомдары Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың алғы сөзімен басталғандығы үлкен көрсеткіш.

“The Planet of ART – 2019” Фестиваль-байқауының осы жылғы кезеңі Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының 10-жылдығы мен Қазақстан Республикасындағы Жастар жылын атап өту мен «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылады.

Жобаның негізгі мақсаты - жас орындаушыларды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін нығайту, балалардың шығармашылығын паш ету арқылы қазақстандық мәдениетті халықаралық аренада насихаттау. Халықаралық деңгейде жүзеге асырылатындықтан жоба аймақтағы елдердің келешек ұрпақтарының арасында мәдениетаралық байланыс пен өзаратүсіністік орнатуға бағытталған.

Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен бірге, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Алматықаласының әкімдігі, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ЮНЕСКО Клубтары мен Ассоциацияларының Федерациясы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы және т.б. жеке компаниялардың қолдауымен жүзеге асырылады.

Жоба демеушілерінің арқасында кез келген әлеуметтік жағдайдағы бала, Қазақстанның барлық облыстарынан және қатысушы мемлекеттердің шалғай аудандарының балалары байқауға тегін қатысып, өз қабілеттірін көрсетіп, өнер саласындағы үздік тәлімгерлермен жұмыс істеуге тең дәрежелі мүмкіндік алады.

“The Planet of ART – 2019” Фестиваль-байқауының шарықтау шегі- ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.Беляков жетекшілік ететін Алматы қаласының Әкімдігінің Эстрада- симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтетін ғаламат Гала-концерт.

Толығырақ

Қатысушы елдер: Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан

елдерінің 12-17 жас аралығындағы дарынды жастары қатысуға

ШАҚЫРЫЛАДЫ БАЙҚАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

I. сұранымдарды қабылдау
1 ақпан - 1 мамыр 2019 жыл

Қатысушының сұранымын толтыр да, art.kazfuca@gmail.com-ға жібер.

II. байқау қорытындысы
20 мамыр 2019 жыл

III. Фестиваль-байқаудың финалы
21-28 қыркүйек 2019 жыл, Алматы қаласы

Байқаудың ережесімен таныс

ӨЗ НОМИНАЦИЯҢДЫ ТАҢДА
Арманда! Әрекет ет! Жарық жұлдыз болып жарқыра!

Гала-концерт
The Planet of ART – 2019

27 қыркүйек 2019 жыл, Оқушылар сарайы, Алматы қаласы (Қазақстан)

Финалистер ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.Беляков жетекшілік ететін Алматы қаласының Әкімдігінің Эстрада-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен сахада өнер көрсетеді.

БАСТЫ ЖҮЛДЕ
Әр номинацияның үздік орындаушылары Америка және Еуропа елдеріндегі мәдени-оқыту бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алады.

БІЗДІ ҚОЛДАҒАН